
Алматы облысының таңғажайып флорасы мен фаунасы
Аталған зерттеу жұмысы Алматы облысының флора мен фаунасындағы сирек кездесетін және жойылу қауіпі бар тірі ағзаларды зерттеуге арналған.
Алматы облысы табиғаты шыныменде ғажайып жер, "Жер жанатты - Жетісу" деп бабаларымыз бекер айтпаған екен. Жер-ана осы жерді арнайы осыншама үйлесімді және сан қырлы әдемілікке толы етіп жасағандай.Таулары биік, жері көркем, ауасы таза, суы мөлдір осы жерді мекен ететің тіршілік иелеріде сан алуан.
Жоңғар Алатауы сілемдері мен Солтүстік Тянь-Шань таулары жүйелері орналасқан ұлан ғайыр аймақ кімді де болса тамсандырары сөзсіз.
Атап айтар болсақ, Жетісу Алатауы — Қазақстандағы ірі, әрі құрылымы жағынан күрделі тау жүйелерінің бірі болса, Айғай құм- Іле өзенінің аңғарын бойлай орналасқан үлкен Қалқан тауы және кіші Қалқан тауы етегіндегі құмды төбе. Өзендері- Лепсі, Басқан, Сарқан, Ақсу, Бүйен, Қаратал және Көксу екені баршамызға аян.
Көлсай көлдерінің саны 3-еу. Олар Күнгей Алатауының Кұрметі және Саты асуларынан бастау алатын кішігірім өзендер суынан пайда болады.
Бұл жер флора мен фаунаға өте бай, солай бола тұрғанымен Қызыл кітапқа енген ерекше қорғауға алынған жануарлар мен өсімдіктер де бар.


